Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Бас имам мешіт құрылысымен танысты

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 18.05.2020 3077 0 пікір
Қарағанды: Бас имам мешіт құрылысымен танысты

Қала іргесіндегі құрылысы қарқынды жүріп жатқан мешіт нысанын аралап, бүгінгі барысымен танысу үшін Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қала имамдары, ұстаздармен 15-ші торап тас жолы бойындағы 700 орынды мешітке арналған құрылыс нысанына барды.

Сәулетті мешітке арнап жүргізіліп жатқан жұмыстардың бүгінгі ахуалымен танысып, құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасты. Халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына, ынтымақ пен тұтастыққа баулитын ғибадат үйлерінің негізгі қызметтері турасында насихат айтты.

Бүгінгі таңда мешіт салу қатары Қарағанды өңірінде қарқынды дамып келеді. Аталмыш құлшылық үйінің құрылысын жүргізіп жатқан «Аппаз» ЖШС, құрылыс компаниясының басшысы Мухтаров Қуантай есімді кәсіпкер азамат өз тәжірибесіне сүйене отырып, ықыласты жандардың қолдауымен мешіт нысанын барынша сапалы жүргізуде. Мешіттің жанашыр жамағаты кәсіпкер Қуантай бұған дейін де облыс аумағында бірнеше мешітті ел игілігіне ұсынған. 

700-ден аса адамға арналған екі қабатты мешіт ғимаратының жалпы аумағы 700 шаршы метрден асады. Оның ішінде ерлер намазханасы және әйел жамағатына арналған намазханалары мен дәретханалары қарастылылған. Сонымен бірге, имам бөлмесі және діни тәлім алатын сыныптар да бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру