Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласының мешіттері 25 мамырдан кейін ашылады

zakon.kz 18.05.2020 4740 0 пікір
Алматы қаласының мешіттері 25 мамырдан кейін ашылады

Алматы қаласындағы қонақүй кешендері, қоғамдық тамақтану орындары және құлшылық үйлері кезең-кезеңімен 25 мамырдан кейін жұмысқа қосылады деп қала әкімдігі хабарлады. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мешіттердің ашылатындығы жайлы хабарланған болатын. Дегенмен әр облыс пен аймақтардағы карантиндік деңгей әртүрлі болғандықтан, Алматы қаласының төтенше жағдайға байланысты штабының шешіміне орай, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласындағы мешіттер 25 мамырдан кейін қызмет көрсетуді бастайды. 

Осы мәлімдеме сәйкес, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай карантиннен кейінгі қала мешіттерінің ҚМДБ бекіткен ережерлер аясында ашылып, қызмет көрсетуін қадағалау және дайындық шараларын пысықтау мақсатында қала мешіттерін аралап көрді. 

Бас имам қаладағы «Аманқұл ата», «Исмихан, «Түрксіб», «Әлмерек», «Ар-Рахим», «Мекке» мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы уақытта ғибадат үйлерінің жамағатқа карантиндік талаптарды сақтай отырып қызмет көрсету керектігін айтып, біршама түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Атап айтқанда, мешітке келген жамағат Құран оқытуға, неке қиюға және тек жеке намаз оқуға болады. Яғни, карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты қойылған уақытша шектеулер өз күшінде қалып, жамағат намаздары оқылмайды. 

Сондай-ақ, мешітке келген жамағат медициналық бетперде қолданып, тазалық шаралары мен қойылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру