ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында діни басқарманың Сыр өңіріндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен кезекті 400 отбасыға «Ауызашар қоржыны» табысталды.
Рамазан айының құрметіне орай жасалған қайырымдылық шарасында аймақтың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған Сыр имамдары мен ерікті жамағаттары әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы және қала көшелерін тазалау қызметінде жұмыс жасайтын 400 отбасыға азық-түлік өнімдері салынған «рамазан қоржындарын», қосымша 40 отбасыға 1 тонна күріш үлестірді.
Берекелі ай басталғалы бері аталмыш акция аясында жалпы облыс бойынша 1400 отбасыға «Ауызашар қоржыны», 50 отбасыға 432 кг ет, 40 отбасыға 1 тонна күрішпен көмек көрсетілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
18.05.2020
2999
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру