Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің жанынан құрылған «Ізгілер жолы» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» атты қайырымдылық шарасы өтті. Еріктілер денсаулығына байланысты жарымжан атанған 100 жанның үйіне арнайы барып, азық-түлік таратты.
–«Ізгілер жолы» еріктілері бұл жолы тағы бір қайырымды іске мұрындық болды. Тағдырдың жазуымен мүгедек атанып, мүмкіндіктері шектелген тұрғындардың Рамазан айында көңілдерін көтеріп, бір қуантты. Алла тағала мейірімді де жомарт жандардың несібелерін мол еткей! - дейді ҚМДБ Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов.
Шара аясында мешіт тізіміндегі және облыстық мүгедектер қоғамына тіркелген мүгедек жандарға ауызашар есебінде сиыр еті, көкіністер, жеміс-жидектер, күріш, макарон өнімдері және сусындар жеткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, адам басына 12 мың теңгенің азық-түлігі алынған.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
18.05.2020
2813
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру