Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шымкент» медресе-колледжінде қайырымдылық шарасы өтті

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 17.05.2020 3297 0 пікір
«Шымкент» медресе-колледжінде  қайырымдылық шарасы өтті

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында «Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастылды.

Игі шарада «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.

Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстаздары мен қызметкерлеріне және қаладағы көпталалы, мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік заттары таратылды.

Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі мен Қазақстандық «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру