Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Қала мешітінде 100 отбасыға көмек берді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 16.05.2020 5250 0 пікір
Орал: Қала мешітінде 100 отбасыға көмек берді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Орал қалалық Тәжіден Батырұлы  мешітінің бас имамы  Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен  100 отбасыға ауызашар асы мен азық түлік қоржыны таратылды.

«Мейірімділік мекені» жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мұқтаж жандар қамтылды. «Рамазан – қамқорлықтың, ізгіліктің айы. Ауызашар беру – өте маңызы зор сауапты істің бірі. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма немесе кепкен  құрма, ол болмаса сумен болса да ауызашар беру – сауапқа кенелетін жақсы амал. Қасиетті айдағы ниетімізді Алла қабыл еткей. Жақсылық істерде жарысайық» деді Тәжіден Батырұлы мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру