Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Рамазан қоржыны үлестірілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 16.05.2020 2969 0 пікір
Қарағанды: Рамазан қоржыны үлестірілді

Діни басқарманың төрт бағытының бірі – қайырымдылық. Елімізде төтенше жағдай басталысымен қала мешіттері, «Зекет» қоры, «Ана-Мама» қоры қайырымдылық бағытындағы көптеген сауапты істерге белсене кіріскен болатын. 

Төтенше жағдай жарияламастан бұрын да мешіттеріміздің осы бағыты өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Бүгінде дін жанашырлары «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасын жүргізу арқылы демеуші азаматтардың көмегімен азық-түлік, қаржылай қолдау, бетперде, дәрі-дәрмектерді ерікті жамағаттардың көмегімен жеткізіп беру жұмыстарын  кеңінен атқарды.

Осы бағыт бойынша қазіргі таңда имамдар қарқынды жұмыс істеп, ораза айы басталғалы 1630 отбасына азық-түлік таратылды. Күніне 120 адамға тұрақты түрде ауызашар беріліп келеді. Төрт мыңға жуық бетперде таратылды. 200-ден астам жуық ерікті жастар жұмылдырылды. Осы атқарылған шаруалардың барлығы имамдарымыздың қажырлы табандылығы мен қайырымды жандардың қолдауы арқылы іске асып отыр.

Осы бағыттар бойынша тағы да 100-ден астам отбасына азық-түлік қоржыны таратылып, сауапты істердің қатары артты. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы игі істерге атсалысқан азаматтарға ҚМДБ-ның атынан алғыс айтып, жергілікті БАҚ өкілдеріне Рамазан айындағы ерекешеліктер турасында сұхбат берді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру