«Қайырымды болсаң, қайырын өзің көресің» демекші, Талдықорған өңірі бойынша Рамазан айы басталғалы бері мешіт имамдары мен жомарт жандар бірлесе отырып, күн сайын мұқтаж отбасыларға түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді.
Құрметті айда берілген ауызашар 3000 адамды қамтыды. Ал ораза ұстаған жанға ауызашар берудің сауабына сөз жетпес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім ауыз бекіткен адамды тамақтандырса, оның оразасымен тең сауап алады және ораза ұстаушының да сауабы кемітілмейді» деген (Ахмад, Тирмизи).
Алла Тағала осы ауызашарға себепкер болған бауырымыздың және ас дайындап, оны үй-үйге тасып қызмет көрсеткен барша бауырларымыздың дүние істерін жеңілдетіп, қияметте сауап таразысын ауырлатқай!




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
16.05.2020
2750
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру