Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Өзен сулары тасыған ауылдарға көмек берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 15.05.2020 3309 0 пікір
Түркістан: Өзен сулары тасыған ауылдарға көмек берілді

Түркістан облысы бойынша жауын-шашынды ауа-райы таулы аймақтарда тұратын ағайындарға сынақ болып тұр. Төлеби, Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы аудандарында өзендер тасып, сел жүріп, жүздеген тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Су басқан жерлерде мешіттер дін-аман.

Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді бастаған кезекші топ аттың басын  Мақтааралдан Төлебиге бұрды. Екі көлік азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек жеткізілді. 

Сондай-ақ, ҚМДБ атынан ауызашар берілді. Облыс имамының тапсырмасымен апат орын алған аумақтарда насихат топтары жұмыс істеп, қолдан келгенше көмек беріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру