Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Жаңаөзендіктер мыңнан аса отбасыға көмектесті (Видео)

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.05.2020 3159 0 пікір
Маңғыстау: Жаңаөзендіктер мыңнан аса отбасыға көмектесті (Видео)

Карантин басталғалы Жаңаөзен тұрғындары «Әбіш қожа» мешіті арқылы мыңнан астам мұқтаж жанұяға қайырымдылық көрсетті.

Әсіресе, ораза басталғалы қасиетті Рамазан айының берекелі уақытын сауапты істерге арнайын деген ниеті бар жандардың қарасы қалың. Қайырымды істерге ұйытқы болып жүрген мешіт қызметкерлері жүрегі жомарт жандарға алғыс айтып:

«Қасиетті Рамазан айында барша Қазақстандықтарға, Жаңаөзен халқына Жаратқанның жақсылығы мен мейрімі  жауғай. Ұстаған Оразалаңыз, жасаған құлшылық пен дұғаларыңыз қабыл болғай» деген тілегін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру