ҚМДБ «Халал Дамудың» директоры Айбек Асқарбекұлы, облыстық жауапты маман Науан Муталов, бас технолог Айжан Омарова, ветеринар ісінің маманы Сафиев Данияр және жергілікті имамдар Щучье қаласында орналасқан «KazBeef Proccessing» мал сою цехында халал стандарты бойынша сәйкестендіру жұмысын жүргізді.
«KazBeef Proccessing» – Ақмола аймағындағы сиыр етін өндіру бойынша 10 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан нарықтағы ірі мал сою цехының бірі. Еліміздің бірқатар өңірлерін ет өнімдерімен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорын.
Арнайы мамандардың қатысуымен өткен халал стандарт талаптарына сәйкестендіру жұмысы кәсіпорын басшылығының сұранысы бойынша орындалды. Стандартқа сәйкестендіру кезінде бірқатар кемшіліктер мен қателіктердің бары анықталып, түзетулер енгізу керектігі ескертілді.
Тексеріс жұмыстарынан кейін, мал сою цехы қызметкерлеріне оқу-семинар өткізіліп, қасапшыларына шариғат және халал стандарт талаптарына сәйкес мал сою және ет өңдеу талаптары мен ережелері түсіндірілді.
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «KazBeef Proccessing» цехына жұмыс барысын халал стандартқа сай өзгерту үшін шектеулі уақыт берілетінін, келісілген мерзім аяқталғаннан кейін «Халал Дамудың» мамандары тағы да тексеріс жүргізіп, талаптар толық орындалса ғана сертификат табысталатынын жеткізді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Халал Даму" ЖШС баспасөз қызметі
14.05.2020
3466
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру