Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: 200 адамға ауызашар таратылды

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 14.05.2020 3121 0 пікір
Тараз: 200 адамға ауызашар таратылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда ауызашар беруді уақытша тоқтату жайлы тапсырмасына сай отбасымен сыртқа шыға алмай қалған мұқтаж отбасылар мен ауыз бекіткендер үшін ауызашар берілді. Ауызашар сауабынан үміт еткен азаматтардың қайырымдылық шарасы орталық «Һибатула Тарази» мешіті жанынан құрылған еріктілер арқылы іске асты.

Демеушілердің қолдауымен тағы 200 адамға ауызашар дастарханын таратылды. Кезекті ыстық тамақ, құрма, тәттілері мен суысындары бар ауызашар дастарханы Шөлдала алқабы мен Тараз қаласындағы жатақхана тұрғындарына жеткізілді. Айта кетейік, ораза басталғалы 1050 отбасыға ауызашар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру