Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 480 отбасыға зекет үлестірілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 14.05.2020 2604 0 пікір
Түркістан: 480 отбасыға зекет үлестірілді

Түркістан облысы бойынша мешіттерде кәсіпкерлердің қатысуымен зекет сабақтарын өткізу нәтижелі боп келеді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің бірі зекетін ірі мал, енді бірі егін өнімінен төлеуде.

Кәсіпкерлердің зекетін қаржылай өтейтіндері аз. Десе де зекет берушілердің өтінішімен тұрмысы төмен отбасыларға таратып беру жалғасуда.

Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықовтың ұйытқы болуымен Мақтааралдағы су апатынан зардап шеккен 480 отбасыға 33 млн теңгенің зекеті таратылды. Сондай-ақ аудандық орталық мешіт жамағаты мен демеушілері берген 2 млн теңге жетісайлық 100 отбасыға үлестірілді. Жетісай мешіттерінде зекет парызын насихаттау тұрақты жолға қойылған әрі әлеуметтік желі парақшаларынан онлайн дәрістер жүргізіліп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру