Қостанай облысы Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің бас имамы Есет Сейтқалиұлы қасиетті Рамазан айын тиісті деңгейде өткізілуін басты назарда ұстауда. Осы мақсатта бас имам «Ішімдіксіз Рамазан» деген тақырыпта жергілікті халыққа үндеу жариялаған еді.
«Жылына бір рет келетін қасиетті айда жат қылықтан аулақ болайық дегіміз келеді» дейді имамы Есет Сейтқалиұлы. Дін қызметкерінің бұл бастамасы аудан жұртшылығы тарапынан қолдау тапты. Бұл айда ешкім дастарқанына арақ-шарап қоймай, өздерін одан аулақ ұстауда.
Жергілікті азаматтар мен азық-түлік дүкен иелері де «Арақ атадан қалған ас емес» деген қағиданы берік ұстануда. Оның орнына жүрегі жомарт жандар ауызашар кезінде мейірімділік пен қайырымдылық танытуды өздерінің басты парызы санайды.
Науырзымдықтардың осынау игі бастамасы барлық жерде қолдау тапса нұр үстіне нұр болар еді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
14.05.2020
2712
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру