БҚО Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтановтың бастамасы және Пятимар ауылдық әкімі Жақсылық Нұрманұлының қолдауымен мектептің түлектері – 1973-1996 жылы туған азаматтары ауыл мешітіне қайырымдылық көмек жасады.
Бауыржан Атауов, Қанат Хатжиденов, Абзал Сартаев, Жангелді Камалов, Арай Исатаев, Аманжол Сулхашев, Бекжан Какенов, Бекжан Қаратаев, Жақсылық Төлепов, Азамат Наженов, Нұрлан Қарағойшиев, Мейрамбек Шакетов, Әділ Шәріпқалиев, Қуаныш Төлепов, Абзал Сейітжанов сынды ауылдың 1973 жылғы азаматтары мектеп бітіргеніне 30 жыл толуына тозығы жеткен Пятимар мешітіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Өз қалталарынан күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат салып, мешіттің төбесін жаңартып, ажарын келтірді. Ал ауылдың 1996 жылы туған азаматтары Алла үйіне азан шақыруға арналған дыбыс ұлғайтқыш аппарат сыйлады.
Нәтижесінде мешіт толықтай жөнделіп, көркіне көз тоярлық кейіпке енді. «Жақсынын жақсылығын айт, нұры тассын» демекші, демеуші, иманды, жомарт азаматтар көп болса, асыл дініміз өркендеп, ел ахуалы жақсарар еді. Жігіттердің Рамазан айында жасаған жақсылықтарын Алла сауаптан жазсын!


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
14.05.2020
4343
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру