Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет» қорының басшысы Айбек Азимбаев, Қажылық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерумұлы, Жастар секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және қалалық «Жария» қайырымдылық бірлестігінің басшысы Марат Әбілов қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға 16 тонна бақша өнімі (қырыққабат) таратылды. Шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы қайырымдылық бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы «Хабар 24» арнасына сұхбат берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
14.05.2020
2775
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру