Мақтаарал ауданында су басқан 5 ауылда 3 мыңдай бала бар. Олар үшін бұл жағдай психологиялық соққы болды. Көбісі қорқыныштарын сейілте алмай жүр.
Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбековтың тапсырмасымен Мақтааралда "Балаларға базарлық" шарасы өтті. Облыстың орталығынан зекет жетекшілері бастаған бір топ имамдар мен ерікті жамағат апат аумағына арнайы барып, бүлдіршіндердің көңілін аулады. 800 балаға балмұздақ, шоколад және өзге де тәттілер мен ойыншықтар тарту етілді. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар би билеп, ән шырқап, мәз-мейрам болды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
13.05.2020
3205
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру