Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Онлайн байқау жарияланды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі qalam.kz 13.05.2020 3614 0 пікір
Өскемен: Онлайн байқау жарияланды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығы қарсаңында ақын өлеңдерін насихаттау, ұрпақтың бойына Абай өлеңдеріндегі құндылықтарды дарыту мақсатында «Абай жыры-тағылым тұнығы» атты республикалық онлайн байқау жариялайды.

Байқауға қатысушы Абайдың бір өлеңін оқып, бейне жазбасын ватсап 8 777 328 31 99 нөміріне жолдау керек.

Аты-жөні, мекен-жайы, байланыс нөмірі көрсетілуі шарт. Бейнетүсірілім сапалы, оқылған өлеңнің сөздері анық, болуы қажет. Онлайн байқауға республика бойынша 1-11 сынып оқушыларымен студенттер қатыса алады.

Байқау 11 мамырдан басталып, қадыр түні яғни 19 мамыр 17.00 ге дейін қабылданады. Оқылған өлең @Halifa_altay инстаграмм парақшасына қойылып, көрерменнен ең көп дауыс алған 5 қатысушы бағалы сыйлықтарға ие болады.

Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті

Байланыс нөмірі: 8 777 328 31 99

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру