Қостанай қаласының «Жайлаубай ата» мешіті «Біз біргеміз» акциясы аясында қайырымдылық шараларын көптеп өткізіп келеді.
Мәселен, қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында 27 сәуір мен 6 мамыр аралығында 1 355 720 теңге қаржы жиналды.
Ең алғашқы екі рет ұйымдастырылған акцияға 631 127 теңге қаржыға 70 қапшықтан тұратын азық-түлік алынды. Жиналған қаржының қалған бөлігі де мамыр айындағы мерекелерге дейін қайырымдылық шараларына жұмсалды.
Жалпы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 70 отбасыға көмек көрсетілді. Осылайша мешіт қызметкерлері қаншама жандарға қол ұшын созып, олардың қуанышына ортақтасты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
13.05.2020
3240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру