Атырауда орталық «Иманғали» мешіті «Ықыласты бауырлар» қайырымдылық орталығымен бірлесе отырып, «500 теңге жобасын» қолға алып отыр.
Аталмыш жоба бес бағытты қамтиды. Оның ең негізгісі – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға баспана бақытын сыйлау.
«Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсету; науқас жандардың емделуіне қаржылай қолдау жасау; пәтер жалдап отырған жағдайы төмен отбасыларға қолғабыс ету және аймақ көлемінде салынып жатқан мешіттер құрылысына көмек көрсету бағыттары аясында жұмыс жүргізуді қолға алып отырмыз. 500 теңге садақа жасау арқылы, көптеген игі істерге көмектесе аласыздар» дейді жоба жетекшілері.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
13.05.2020
3591
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру