Жуырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, көршілес жатқан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының бірнеше елдімекені су астында қалып, үйлер мен егістіктерге зақым келді. Осы жағдайға байланысты еліміздің барлық өңірінен Мақтаарал ауданына тиісті көмектер келіп жатыр. Алла шүкір, бұл бірлігіміздің бекем екендігін көрсететін асыл құндылық деп санаймыз.
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында елімізге белгілі әнші-композитор Заттыбек Көпбосынұлы, Шымкент қаласының наиб имамы Мұхамеджан Естеміров, «Шейх Мұхаммад Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар Әміре, Әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші ауданы бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Шымкент қаласы «Зекет» қорының өкілдері Мақтаарал ауданына барып, қайырымдылық шарасын өткізді.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Егемен Қазақстан» газетінің аймақтағы тілшісі Ғалымжан Елшібай, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді сөз сөйледі. Бейсенбай Тәжібаев ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің тынымсыз жасап жатқан қайырымдылық жұмыстарына алғыс білдірді.
Айта кету керек, қайырымдылық шара барысында Алла разылығы үшін 21 ұсақ мал сойылып (500 келі ет өнімдерін) және 150 отбасыға ауызашарға арналған «Рамазан қоржыны» үлестіріліп, 2000 дана медициналық бетперде белгіленген орындарға таратылды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
12.05.2020
2973
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру