БҚО Сырым аудандық мешіті аптаның басында Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы судан зардап шегіп, үй-күйінен айырылған жандарға жәрдем беруге шақырып, үндеу жариялаған еді.
Ауданның бас имамы Әділхан Наурызбайдың айтуынша, былайғы уақытта да сауап алудың сәтін іздеп жүретін сырымдықтар бұл үндеуге бірде қолдау білдіріпті.
«Екі күннің ішінде 215 мың теңге қаржы жиналды. Ол қаражатқа тұрмыстық тауарлар мен жеке гигиеналық заттар сатып алдық. Мешіт алдына «ГАЗель» көлігі қойылған еді. Көлікті халық әп сәтте азық-түлікпен толтырды. Кейбір дүкендер 10 қапшық ұннан берсе, азықтың басқа түрлерімен жәрдемдесті. Жалпы есеппен, 5-7 мамыр аралығында жерлестерімізден 500 мың теңгенің көмегін қабылдадық. Мұның сыртында, киім-кешектер бар» дейді Әділхан Наурызбай.
Әрбір ниет – көмек, әрбір көмек – аманат. Бүгін мешіт жамағаты сырымдықтардың аманат-сәлемі, қолдау-жәрдемін Орал қаласына апарып, орталық мешіттің алдында тұрған жүк көліктеріне тиеді. Бұл көліктер таңмен Түркістанға қарай жолға шығады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
12.05.2020
2981
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру