Павлодар қаласы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ауласынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында «Мақтааралға көмек» атты қайырымдылық керуені жолға шықты.
Бұл керуен 10 газель маркалы автомашинадан құралған. Газельдер керуені облыс тұрғындары, мешіт жамағаты және аталған көлік иелерінің бастамасымен ұйымдастырылып, Мақтаралдағы қиындыққа ұшыраған ағайындарға бұзылмайтын азық-түлік, тұрмысқа қажетті киім-кешек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар қабылданды. Шараға Екібастұз, Ақсу қаласының тұрғындары да жұмыла атсалысты.
Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мақтааралдық ағайынға Павлодар жұртшылығы атынан сәлем жолдап, керуеннің межелі жеріне аман-есен жетуін және Алладан елімізге амандық, жеңілдік пен сабыр тілеп, қайырымдылық шарасына үлес қосқан қолы ашық азаматтарға, кәсіпкерлерге, имамдарға және мешіт жамағатына алғыс білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі
12.05.2020
2814
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру