Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Ауызашар қоржыны» 600 отбасыны қуантты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 11.05.2020 3342 0 пікір
Қызылорда: «Ауызашар қоржыны» 600 отбасыны қуантты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында діни басқарманың Сыр өңіріндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық шарасы кезекті 600 отбасыға қуаныш сыйлады.

Рамазан айының алғашқы апталығында облыс бойынша 850 отбасыға азық-түлік өнімдері салынған «рамазан қоржындары» тарту етілсе, мамыр айының 1-11 күндері аралығындағы есеп бойынша жалпы облыс көлемінде 600 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Оның ішінде облыс орталығында тұратын 100 отбасыға өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаты қоржын таратса, қалған 500 отбасыға аймаққа қарасты жеті аудан және Байқоңыр қаласы мешіттерінің қызметкерлері мен белсенді жамағаттары көмек көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру