Қостанай облысы Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйытқы болуымен көмекке мұқтаж кісілерге қол ұшын беруге ниет еткен азаматтардың және «Елорда» қайырымдылық қорының қолдауымен ізгілікті шара өтті.
Жиналған қаржыға көпбалалы ана Гүлмира Мұхамбетжановаға Арқалық қаласы, Баймағамбетов көшесінде орналасқан 30-шы үйден төрт бөлмелі пәтер берілді.
Бұл баспананың кілтін аталған мешіттің наиб имамы Балғабай Шәйкемелов табыс етті. Қасиетті Рамазан айында үлкен қуанышқа кенелген алты баланың анасы шынайы алғысын жаудырды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
11.05.2020
2868
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру