Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Мақтааралға гуманитарлық көмек жөнелтілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 11.05.2020 3274 0 пікір
Шымкент: Мақтааралға гуманитарлық  көмек жөнелтілді

Баршаға белгілі, Түрікстан облысы, Мақтаарал ауданының біраз елді-мекенін су алып, қандастарымыз зардап шекті. Осы жағдайды ескеріп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мақтааралдық ағайынға көмек көлемін ұлғайтуға шақырған болатын.

Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қалалық «Зекет» қоры бастаған бір топ еріктілер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жүк көлігі арқылы гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Айта кету керек, Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық заттарын жинау, қабылдау орталығын құрылдған еді. Осы орталыққа Шымкент қаласындағы барлық мешіт имамдары мен мешіт жамағаттарымен бірлесіп ең қажетті гигиеналық, киім-кешек, көрпе-төсек, азық-түлік заттары мен қаржылай жылу жиналды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру