Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Онлайн уағыздар жалғасады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі qalam.kz 11.05.2020 3096 0 пікір
Өскемен: Онлайн уағыздар жалғасады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті қасиетті Рамазан айында төтенше жағдайға байланысты онлайн уағыз-насихат кестесін шығарып, бейнеуағыздар тізбегін жамағатқа ұсынып отыр.

Уағыздарда адамгершілік құндылықтармен қоса, ар мен иман, Абай тағылымы, қайырымдылық және «Зекет», «Халал» бағытндағы насихаттар айтылуда.

«Уағыз насихатты жаңа форматта онлайн түрде жүргізу бүгінгі заман талабы. Сондықтан имамдарымыз өңір жамағатына онлайн форматта насихат жүргізіп жатыр. Бірнеше мәрте имамдарымызбен әлеуметтік желіде тікелей эфирде сұхбат өткізілді. Онлайн насихат алдағы уақытта да өз жалғасын табады» дейді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Сонымен қатар мешітте жамағаттың сауалдарына жауап беретін «Ақпараттық орталық» жұмыс істеп тұр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру