Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Имамдар ардагерлерге құрмет көрсетті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 10.05.2020 3088 0 пікір
Семей: Имамдар ардагерлерге құрмет көрсетті

9 мамыр күні бас имам Асқар Әбітайұлы бастаған Семей өңіріне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіт имамдары ардагер ақсақалдарды зиярат етіп, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар жасады.

Бас имам өзі бас болып атқарған бұл сауапты шара барысында асылдың сынығындай аз қалған ардагер қарияларды құттықтап, олардың отбасыларында болып ізгі дұғалары мен ілтипат-сыйлықтарын тарту етіп қайтты.

Қан майданды көзбен көріп, жау оғына кеудесін төсеген жауынгерлер аталарымыз имамдарға өмірлік өнегесі мен соғыс жылдарының суық естеліктерін бөлісті. Имамдар мен ақсақалдардың кезек-кезек берген ақ батасы да бейбіт күніміздің бұзылмауынан басталып, еліміз бен жеріміздің, дініміздің тыныштығы бүлінбеуін сұраумен аяқталып жатты.

«Қазақ халқы қариясы бар үйдің қазынасы бар деп айтады. Бүгінгі мына мамыражай заман үшін арыстандай арпалысқан аталарына кейінгі ұрпақ қанша сый-құрмет көрсетсе де, көптік етпейді»,-деді ардагер қариялардың отбасында болған Асқар Әбітайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру