ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Сыр имамдары Жеңіс күніне орай ардагерлерді зиярат етіп, мерекемен құттықтады.
Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы өзі бас болып, елі мен жерін қорғап, халқының тыныштығы үшін зұлмат соғысқа қатысқан ержүрек майдангерлер мен тыл еңбек ерлеріне мерекелік сый жасады.
Соғыста Беларусь, Польша, Германия жерінде соғысқан Бөрібай Құлманұлы ата арнайы зиярат етіп келген бас имамға бастан өткерген қиындықтары мен жанкешті оқиғаларын еске алып, баяндады. Сөз соңында бейбіт күннің қадірін білу керектігін түсіндіріп, ақ батасын берді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
10.05.2020
2811
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру