Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде 30 мұқтаж жанға ауызашар таратылды.
Алланың үйінде палау мен бауырсақ пісіріліп, тәттілер мен жемістер сатып алынды. Дайын ауызашар кәрзеңкелерін мешіт қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың үйлеріне жеткізді.
«Ережеп айында әрбір ізгі ісіміз үшін жүздеген сауап жазылды. Шағбан айында сауаптар мыңдап еселенеді. Ал қасиетті Рамазанда игі істерге сансыз сауап жазылады екен. Төтенше жағдайда өтіп жатқан ораза айында мешітте қайырымдылық шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Мұқтаждарға азық-түлік пен ауызашар тарату жалғаса бермек» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтау қалалық "Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметі
10.05.2020
2783
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру