Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Облыстың бас имамы Қордайда болды

asyldin.kz 10.05.2020 3309 0 пікір
Тараз: Облыстың бас имамы Қордайда болды

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Қордай ауданында болды. Бас имам өңірдегі діни ахуалды реттеу жұмыстарын іскерлік кездесуден бастады.

Жиынға Қордай ауданының әкімі Дәулет Рысбайұлы мен Аудандық ардагерлер кеңесінің басшысы Біржан Әлімбет, Жамбыл облысының құрметті азаматы Төле Аманжолұлы және мешіт ақсақалдары қатысты. Алқалы жиында ауданның діни жай-күйіне қатысты түрлі түйткілді  мәселелер көтеріліп, түйіні тарқатылды.

Мәжіліс қатысушылары тарапынан ұтымды ұсыныстар айтылып, пікірлер ескерілді. Қордай ауданына қажетті бірнеше өзгерістер, тағайындаулар мен қойылар талаптар тілге тиек болды. Күрделі жайттардың шешімі қарастырылып, осы жылы атқарылатын істердің жоспары жасалды. Бас имам алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауды үндеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру