Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«500 теңгеге ауызашар» Рамазанның соңына дейін жалғасады

ҚМДБ «Зекет» қорының баспасөз қызметі zeket.online 09.05.2020 3534 0 пікір
«500 теңгеге ауызашар» Рамазанның соңына дейін жалғасады

Елордада ҚМДБ «Зекет» қоры «500 теңгеге ауызашар» акциясы аясында 226 адамға ауызашар қоржынын таратты.

«Зекет» қайырымдылық қоры еліміздегі төтенше жағдайға байланысты адамдарды бір жерге шоғырландырмай, ауызашар қоржындарын үйлерге таратуды қолға алған болатын.

– «500 теңгеге ауызашар» атты акция аясында көпшілікке ыңғайлы Kaspi.kz қосымшасы арқылы түсіп жатқан сіздердің садақаларыңыз арқылы бүгінде 226 адамға ауызашар қоржындарын таратып, бұл жобаны Рамазан айының соңына дейін жалғастыруды жоспарлап отыр. Қасиетті Рамазан айында игі әрі сауапты іске ат салысып жатқан әрбір жанға Алла Тағала мол сауаптан жазсын! – дейді «Зекет» қорының ресми өкілі Нұркен Ділмұхан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру