Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДАН МАҚТААРАЛҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖОЛ ТАРТТЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 09.05.2020 3368 0 пікір
АЛМАТЫДАН МАҚТААРАЛҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖОЛ ТАРТТЫ

Алматы қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Алматы Орталық мешітінен «Мақтааралға көмек» атты қайырымдылық керуені жолға шықты. 

Мақтаарал ауданындағы бірнеше ауылдарды су басуына байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Алматы қаласы өкілдігі «Мақтааралға көмек» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.   

Қайырымдылық керуеніне бұзылмайтын азық-түлік, тұрмысқа қажетті киім-кешек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар қабылданды. Ауыр жүк көлігіне тиелген заттар 16 тоннаға жуық. 

Қайрымдылық шарасына ақпараттық қолдау бірдіруге келген БАҚ тілшілеріне Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай сұхбат берді. Бас имам мақтааралдық ағайынға Алматы жұртшылығы атынан сәлем жолдап, Алладан елімізге амандық, жеңілдік пен сабыр тіледі. 

Сонымен қатар, бас имам «Мақтааралға көмек» қайырымдылық шарасына үлес қосқан қолы ашық азаматтарға, кәсіпкерлерге, имамдарға және мешіт жамағаттарына үлкен алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру