Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Облыс әкімі «Ауызашар қоржынын» таратты

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 08.05.2020 2669 0 пікір
Ақтөбе: Облыс әкімі «Ауызашар қоржынын» таратты

Жыл сайын Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин отбасының атынан жамағатқа ауызашар дастарханын жаюшы еді. Биыл төтенше жағдайға байланысты бұл мүмкін болмай тұр.

Алайда мешіт есігі жабық болғанымен, сауап есігі ашық екенін ұғынған Оңдасын Сейілұлы ауыз бекіткен 100 адамға өз отбасының атынан «Ауызашар қоржынын» таратты. Облыс әкімінің ауызашар қоржыны жеткен отбасылар дән риза болып, алғыс білдіруде.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз өсиетінде: «Ораза ұстаған адамға ауыз аштырған адам ораза ұстағанның сауабын алады. Әрi бұдан ораза ұстаушының сауабы кемiтiлмейдi», – деп сүйіншілейді. Ендеше, ықыласпен орындалған жақсылықтың сауабы жүздеп еселенетін айда өңір басшысы берген ауызашарының сауабын еселетіп қабыл еткей! Алла Тағала ұстаған ораза, оқыған намаз және берген пітір-зекет бен ауызашарымызды қабыл алсын! Тезірек індеттен айығып, қалыпты күнімізге оралуды нәсіп етсін деп тілейік!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру