Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: «Мақтааралмен біргеміз!» тобы жасақталды

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 08.05.2020 3163 0 пікір
Орал:  «Мақтааралмен біргеміз!» тобы жасақталды

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында Орал облыстық орталық мешіті «Мақтааралмен біргеміз!» атты арнайы топ жасақтады.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамның бастамасымен «Зекет» қорының Батыс Қазақстан облысындағы жетекшісі, Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев ұйымдастыруда.

Топтың мақсаты – Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созу. Ақ Жайық өңіріндегі барша мешіт жамағаты осы қайырымдылық іске белсене атсалысты. Мешіт ауласына жүк көлігі қойылып, қалың жұртшылық қолынан келген көмегін аямады. Жүк көлігі бүгін Мақтааралға қаласына аттанды.

Облыстық, қалалық, аудандық мешіттер, жеке кәсіпкерлер мен мешіт жамағаты да азық-түлікпен және қаржылай көмектесуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру