Мақтаарал ауданында 14 елдімекеннің тұрғындары апатты аумақтан қауіпсіз жерге көшірілді. 31 мыңнан аса адам мектептер мешіттерге уақытша орналастырылды.
Облыс имамы мен аудан имамдары кезектесіп, насихат жұмыстарын жүргізуде. Сайрам, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандары мен Арыс, Түркістан қаласынан 25 көлік көмек керуені азық-түлік, киім-кешек, ас-су, көкөніс, төсеніш, жөргекке шейін жеткізіп берді. Бәйдібек ауданы 400 мың теңге аударды. Қалған аудандарға да алда басталатын құрылыс жұмыстарына дейін қаржылай жылу жинап қосу тапсырылды.
Апат орын алған күннен бастап Келес ауданының имамдары мен жамағаттары ас беріп келеді. Түркістаннан жеті мешіттің имамы Мақтааралға барып, көмек қолын созды. Сондай-ақ 600 кісіге ауызашар дастарханын жайды. Имамдардың ұйымдастыруымен 1500-ден астам адамға ас берілді. Аудандардың атқаратын жұмыс кестесі бекітіліп, бұл жұмыстар жалғасады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.05.2020
2848
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру