Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Арқалықтағы ауызашар

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 07.05.2020 3127 0 пікір
Қостанай: Арқалықтағы ауызашар

Көпшілікке мәлім, еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты биылғы Рамазан айы ерекше өтіп жатыр. Бұрынғыдай ауызашар беруді жылдағыдай мешіт асханаларында, дәмханаларда ұйымдастыру уақытша тоқтатылған.

Бұл орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Мешіттеріміздің есіктері жабылғанмен жақсылықтың, сауаптардың есігі ешқашан жабылмайды»  деген сөзі ауызашар беріп, сауапқа кенелгісі келген адамға қанат бітіреді.

Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бастамасымен «Ауызашар қоржыны» деген атпен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ауызашар сауабын алғысы келетін ықыласты жандардың демеушілігімен олардың қаражаттарына ауызашар пакеттері жасалып, үлестірілді.

«Мешіт шәкірттері үйді-үйге таратуға белсене атсалысты. Жүрегі жомарт кісілер мен мешіт қызметкерлеріне Алланың нұры жауа берсін дегіміз келеді» дейді мешіт имамдары.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру