Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Жылыой мешіті 100 отбасына ауыз ашар үлестірді (ВИДЕО)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 07.05.2020 3743 0 пікір
Атырау: Жылыой мешіті 100 отбасына ауыз ашар үлестірді (ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жылыой аудандық мешітінде 100 отбасына ауызашар асы таратылды.

«Қайырымдылық керуені» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мұқтаж жандар қамтылды.

«Рамазан – қамқорлықтың, ізгіліктің айы. Ауызашар беру – өте маңызы зор сауапты істің бірі. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма немесе кепкен  құрма, ол болмаса сумен болса да ауызашар беру – сауапқа кенелетін жақсы амал. Қасиетті айдағы ниетімізді Алла қабыл еткей. Жақсылық істерде жарысайық» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру