Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіне жаңа кілем төселді.
Түгі қалың, әдемі әрі жылы, жұмсақ кілем мешіттің тек намаз оқитын үлкен залы ғана емес кітапхана, жатақхана, оқу сыныптары, конференция залы, имамдар кабинеті қатарлы бөлмелерге жаңа кілем төселді. Бас имам мешіттің жайлы, қолайлы болуына барынша назар аударып отыр.
«Біз жамағаттың жайлы құлшылық жасауына арнап мешітіміздің жайнамаз кілемдерін ауыстырып отырмыз. Қызметкерлердің жұмыс жасауына қолайлы болсын деп барлық кабинеттерге кілем салынды. Жалпы 5000 шаршы аумаққа кілем төселді. Жаңа кілем жамағаттардың көңілінен шығады деп ойлаймыз» дейді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.
Жаңа кілем төселген мешіт іші бұрынғысынан да жарқырап, жайнап кетті. Кілем төсеу жұмысына мешіт қызметкерлері шын ниеттерімен атсалысты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
qalam.kz
07.05.2020
3678
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру