Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 197-ші баспана берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 07.05.2020 3135 0 пікір
Түркістан: 197-ші баспана берілді

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында Түркістан облысында тағы бір баспана пайдалануға берілді.

5 бөлмелі үйді «Ерсұлтан-Агро» ЖШС төрағасы Ерболат Мырзабеков салдырып, көп балалы отбасыға сыйға тартты.

Баспана бұйырған Ынтыбаевтар отбасының қуанышында шек болмады. Пәтер кілтін табыстау рәсіміне облыстың бас имамы мен Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары арнайы қатысты. Мұсабек Ақтамберді сауапты істі атқарған кәсіпкерге ҚМДБ атынан ризашылығын білдірді.

Бұл – республика бойынша «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен берілген 197-ші баспана.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру