Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Үндеуге үн қосты

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 06.05.2020 2857 0 пікір
Қостанай: Үндеуге үн қосты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының осынау сындарлы сәтте және қасиетті Рамазан айында жақсылық жасауда жарысуды үндеген болатын. Бүгінде еліміздегі барлық діни қызметкерлердің атсалысуымен және демеушілердің қолдауымен қайымдылық шаралары жүзеге асуда.

Қостанай облысы орталығындағы Марал ишан мешіті де үндеуге үн қосып,  19 мәрте қайырымдылық шарасы өткізді. 500 отбасына азық-түлік және 500 маска жеткізілді. Жалпы Қостанай облысы бойынша мешіттерде 63 рет қайырымдылық шарасы өтті. Нәтижесінде 1 219 отбасына азық-түлік қоржыны таратылды. Сонымен қатар 5000 дана маска үлестірілді. Шараға жалпы құны 6 миллион теңгеден аса қаражат жұмсалды.

«Халықтың мұндай ақпараттан хабардар болуы керек. Мешіт тек намаз оқып, пітір жинайтын орын ғана емес. Халықтың қуанышы мен қайғысында ортақ болып, материалдық және рухани көмек көрсететін мекен. Мұны ұйымдастыратын – діни қызметкерлеріміз, имам-молдалар» деп атап өтті Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы.

Сондай-ақ әр апта сайын қаламыздағы «Арзу» халал дәмханасының қолдауымен блок-бекетердегі қызметкерлерге ыстық тамақ жеткізіліп, қолдау көрсетіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру