Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында орналасқан Маңғыстау-3 елдімекенінде тұратын отбасыға пәтер кілті табысталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 196-шы үй Мұнайлы ауданы «Миғраж» мешіті жанынан құрылған «Үммет жастары» еріктілер тобы кәсіпкерлердің демеушілігімен пәтер жалдап жүрген 6 балалы отбасыға бұйырды.
Жаңа пәтердің кілтін Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов табыстап, қуанышқа кенеліп отырған отбасыға ақжарма тілегін жеткізіп, батасын берді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
05.05.2020
3359
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру