Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 200 отбасыға ауызашар берілді

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 04.05.2020 2783 0 пікір
Ақтөбе: 200 отбасыға ауызашар берілді

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова және қалалық орталық мешітінің бас имамы Амантай Садиевтың ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

Ауқымды шара барысында 200 отбасыға жалпы сомасы 2 500 000 теңге құрайтын 7 тонна 200 келі «ауызашар қоржыны» таратылды. Бұл берекелі айдың басында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Жүрек жылуы» акциясы аясында, Ақтөбе өңірінің бас имамы Төлеби қажы Оспанның облыс орталығында ұйымдастыруымен өткен алғашқы қайырымдылық эстафетасының жалғасы болатын.

Айта кетейік, жуырда «Нұр Ғасыр» мешіті мен облыстық мәслихат депутаттары бірлесіп, қайырымдылық шарасын өткізген болатын. Акция аясында 99 мүгедек балаға жалпы құны 2 миллион теңгені құрайтын азық-түлік қоржыны таратылды.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Шынболат Әлімқұлұлы жетекшілік ететін Жастар секторының еріктілері азық-түлік қоржынын тиісті мекенжайға жеткізіп беріп, 200 отбасының алғысын алды.

Өңірдегі мешіттер мұқтаж ақтөбеліктерді қолдау мақсатында Құран айында түскен пітір садақа, зекет есебінен, сондай-ақ кәсіпкерлермен бірлесіп, қайырымдылық шараларын тұрақты жалғастырып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру