Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 04.05.2020 2832 0 пікір
Алматы өңірі: Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Екінші Дүниежүзілік соғысқа қазақ топырағынан миллионнан жауынгер қан майданға аттанды. Соның үш жүз елу мыңнан астамы майданнан оралмады.

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі – адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш. Бұл мейрамның мән-мағынасы уақыт өткен сайын өшпек емес. Жеңістің 75 жылдығына орай Алматы өңірінде соғысқа қатысқан ардагерлер және тыл еңбеккерлеріне арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шараға Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, ардагерлерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, мерекелік сыйлықтар табыстады.

Жиын соңында сұрапыл соғыстан отбасыларына оралмаған, Отаны үшін шейіт болған марқұмдар рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру