Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АИДА БАЛАЕВА – АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 04.05.2020 4651 0 пікір
АИДА БАЛАЕВА – АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
 
Аида Ғалымқызы 1974 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қызметін Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Аталған министрлік жүйесінде 2004 жылға дейін жетекші маманнан бастап Алматы қаласының Ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушысына дейін түрлі қызметтер атқарған. 2004 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті бастығы директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің директоры болып ауысты. 2008 жылдың 16 сәуірінен бастап Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры, кейін басқарма бастығы болып, 2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.

Кейінгі жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Президенттің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру