Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Имамдар тікелей эфирде сұхбат берді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 03.05.2020 3017 0 пікір
Павлодар: Имамдар тікелей эфирде сұхбат берді

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов облыстық «Ертіс» телеарнасынан тікелей эфирде 1 сағатқа жуық өтетін «1-ші студия» бағдарламасында қонақ болды.

Бұл бағдарламаға орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Элбек Хожамұратов, қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Біржан Әкімбеков те қатысты.

Имамдар тікелей эфир арқылы қасиетті Рамазан айындағы құлшылықтар туралы айтып, ораза ұстаушыларға кеңестер берді. Сонымен қатар ел халқына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына арнаған құттықтауын жеткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен атқарылып жатқан қайырымдылық шаралар мен сауапты істер туралы облыс халқын құлағдар етті.

Сондай-ақ бұл еркін сұхбатта зекет парызы, ораза тұту, жан тазалығы, пітір-садақа туралы кеңінен түсіндіріп, көрерменнен телефон арқылы келіп түскен ондаған сұрақтарға жауап берілді.

Сұхбаттың нәтижелі болғаны сондай, көрермендердің тілегі бойынша облыстық «Ертіс» телеарнасының «1-студия» бағдарламасы арқылы Рамазан айы бойы апта сайын тікелей эфирде сұхбат өрбітіп тұратын болып келісілді. Мұндай тікелей эфирлер облыстық «Халық радиосынан» да беріліп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру