1 мамыр – ынтымақ пен бірлік күні мерекесінде Кеншілер шаһарындағы киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлігі жарасып, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстарды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Балақажы» мешітінің имамы Махмуд Нұрұлы, «Ана-Мама» қоғамдық қорының жетекшісі Марат Қанатұлы айтулы мерекемен құттықтады.
Еліміздегі бір тудың астында бейбіт ғұмыр кешіп жатқан қарттарымызға құрмет көрсетіп, рамазан айының құрметіне қайырымдылық істерде қоғамның игілігіне белсенді үлес қосып отырған «Зекет» корпоративтік қоры мен «Ана-Мама» қоғамдық қорының атынан дәрумендерге толы азық-түлік кәрзеңкесін тарту етті.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген халық даналығымен сусындап өскен бүгінгі буын берекені көздей отырып, елдің мерейін үстем ететін тірлік жасаудан еш жалықпаған. «Біз-біргеміз, тілегіміз-ортақ» деген игі ниет аясында тілі басқа болғанмен тілегі бір күллі адамзаттың амандығы үшін Алла тағаладан дертке шипа, бойымызға төзімділік пен сабырлық, елімізге береке мен бірлік, тұрақтылық пен діни тұтастық тілеген бас имам әр отбасында бата жасады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
03.05.2020
2759
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру