ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бастау алған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық шарасын өткізуді қолға алған болатын.
Рамазан айына қадам басарда қала бойынша 200 отбасыға азық-түлік өнімдері салынған «Рамазан қоржындарын» тарту еткен Сыр имамдары қасиетті айдың екінші жұмасында да 600 отбасыға азық-түлік, 50 отбасыға 432 кг ет үлестіріп, облыс бойынша 650 отбасыны қуанышқа бөледі.
Берекелі ай басталғалы өңір бойынша жалпы алғанда 850 отбасыны қамтыған акцияның демеушілері – жергілікті кәсіпкерлер мен сауаптан үміткер ерікті жамағат.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
03.05.2020
3083
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру