Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: 620 000 теңгенің қайырымдылығы жасалды

"Халал Даму" ЖШС 02.05.2020 2714 0 пікір
Талдықорған: 620 000 теңгенің қайырымдылығы жасалды

Алматы облысы бойынша «Халал Дамудың» жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабековтің бақылауындағы кәсіпорындар мен жергілікті «Зекет қорының» ұйымдастыруымен 100 отбасыға 620 000 теңге көлемінде азық-түлік көмегі көрсетілді.

Осыған дейін, елдегі төтенше жағдай кезінде де қайырымдылықты тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан «Халал Дамудың» Алматы облысындағы өкілдігі, сауаптар еселенетін Рамазан айында қайырымдылық жобалар санын арттыруда.

Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Халал Дамудың» өңірлік өкілдері мұндай ізгі бастаманы қолдап, атсалысқан жергілікті кәсіпорын басшыларына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру