Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: 100 отбасыға көмек көрсетілді

Павлодар облыстық өкілдіктің баспасөз қызметі 02.05.2020 2573 0 пікір
Павлодар: 100 отбасыға көмек көрсетілді

Павлодар өңірінің қала, аудан, ауыл мешіттерінің ұйымдастыруымен Рамазан айында қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылып жатыр.

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласында қалалық «Ақмешіт» мешітімен бірлесіп «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында 100 отбасыға азық-түлік көмегі көрсетілді.

Орталық мешіттің наиб имамы Елбек Хожамұратов шараның негізгі мақсатына тоқталып, жұртты сабырға шақырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған игі шараларды атап, Рамазан айында мол сауап пен еліміздегі төтенше жағдайды ескере отырып, осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жатқанын жеткізді.

Азық-түлік құрамына ең қажетті күнделікті тұтынатын (шай, ұн, май, макарон, күріш, көкөніс өнімдері, құрма т.б) өнімдер енгізілді.  Алдағы уақытта Рамазанның әр күнінде қайырымдылық істер жалғасын табады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру